ТӨЛЕ БИ АУДАНЫ.ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНАН ӨТУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ

1  592 көрілім

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНАН» ӨТУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!Құрметті аудан тұрғындары!

Түлектерге алған мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға көмектесу мақсатында Төлеби аудандық жұмыспен қамту орталығы «Жастар практикасынан» өтуге шақырады. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес білім беру ұйымдарын алдыңғы 3 жыл ішінде бітірген және 29 жастан аспаған жұмыссыз түлектер жастар практикасына қатысушылар ретінде белгіленеді. Жастар практикасына арналған жұмыс орындары меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылады. Салықтарды, міндетті зейнетақы жарналарын және басқа да әлеуметтік аударымдарды ескере отырып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айлық төленеді және 12 айға жолданады. Жастар практикасына қатысуға ниет білдіргендер жұмыспен қамту орталығына өтінішпен жүгіну тиіс. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:Жеке басын куәландыратын құжат;Еңбек кітапшасы (бар болса);Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжат.Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының мекен-жайы: Леңгір қаласы, Төлеби көшесі 364/1 үй (4 мектептің 1 қабаты, бұрынғы ХҚКО ғимараты). Байланыс телефоны : 6-30-95.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы