ХАЛЫҚТЫҢ АМАНАТЫН ТАБЫСТАДЫ

1  028 көрілім

Бүгін қаламыздың бас имамы М.Жұмадуллаев Сауран ауданының Бабайқорған елді мекенінде тілсіз жаудың салдарынан қайғыға душар болған жанұяға көңіл айтты.

Тарқатып айтсақ, күні кеше ғана шаһар төрінде өткен «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел!»  семинары аясында жарапазаннан және қалалық орталық «Яссы» мешітінің жамағатынан жиналған қаржы осыдан бірнеше күн бұрын үйі өртеніп, екі қызынан айрылып қара жамылған жанұяға жәрдем ретінде жеткізілетіні айтылған болатын.  Халықтың аманатын табыстап, қаламыздың бас имамы мен бір топ ел азаматтары өрттен қаза болған марқұмдарға құран бағыштады.

Қасиетті айда халықты қайырымдылыққа шақырып, бір-бірімізге қол ұшын созуды, бірлікте болуды көздейтін игі істер өз жалғасын таба берсін деп тілейміз!

Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы