- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Сәрсенбіде «Айбарлы асқар елді асқақтатар – Ата Заң» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға ҚР Ішкі Істер органдарының құрметті ардагерлері Е.Нұржанов, Б.Бейсенбаев бастаған азаматтар мен қалалық Мəдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Ибрагимов, Облыстық «Nur Otan» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы Ж.Намаз қатысты.
Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Тəуелсіз елдің мызғымас тұғырына айналған Ата Заң – елдігіміздің киелі кітабы іспетті қажетті құжат. Халықтың жүрегінен шыққан, заман сынына қапысыз төтеп берген мемлекеттігіміздің темірқазығы» деп ерекше атап өткен. Ата Заң – әрбір азаматтың конституциялық құқығын танытып, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы. Тəуелсіздігіміз бен елдігіміздің нышаны саналатын Конституция – көкте желбіреген көк байрағымыз бен əлемде шырқалып жүрген Əнұранымызды одан əрі қастерлеуді ұмыт қалдырмайды.
Осы ретте, іс-шараға қатысушылар мен жасөскіндерге ел тыныштығы мен бірлігін сақтауда, адам құқығы мен бостандығын қорғауда, қылмыспен күресуде алғашқы шепте аянбай қызмет еткендердің еңбегі ерен. Жас оқырмандарға қызметтегі есте қалған есті әңгімелерімен бөліскен Есалы Нұржанов: «Тергеушілер, полицейлер, учаскелік инспекторлар болған қылмыстарды дер кезінде ашуға күш жұмсайды. Олардың қоғам алдындағы істері өте жауапты. Кез келген оқиға орын алғанда бірінші жететін де дәрігерлер мен тәртіп сақшылары. Әрбір полиция басқармасы тыныштықты күзетіп, 24 сағат жұмыс істейтін мекеме. Өйткені, қылмыс барлық мемлекетте орын алады. Оны жоққа шығару мүмкін емес. 30 жылдық тәжірибесі бар азамат ретінде айтарым, қылмысты жоямыз десек, Конституциямыздағы 9 бап, 98 тарауды әрбір адам жатқа білуі керек. Сонда Отан алдындағы негізгі борышын өтеуді, өз құқығын қорғауды алға қояды», – деген пікірін білдірді.
Іс-шара соңында келген құрметті қонақтарға Республикаға танымал ақын Елтай Бимаханбетұлының «Ұрпаққа ұлағат» атты кітабы сыйға тартылды.