МАҚТААРАЛДА ЖАҢА ҚОНАҚ ҮЙ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

1  300 көрілім

Мақтааралда “NEW VIVA – МЫРЗАКЕНТ” деп аталатын қонақ үй қолдануға берілді. Орталықта түрлі кәсіпкерлік нысандары ашылып, халыққа қызмет көрсету сапасы жаңа деңгейге көтерілуде. Бұған дейін ауданға келетін қонақтар мен туристерді күтіп алатын заман талабына сай қонақ үй Мырзакентте болмаған еді. Бүгін “Назар” шаруа қожалығының төрайымы, кәсіпкер Ұлболсын Асқарованың жеке қаражаты есебінен салынған “New Viva – Мырзакент” қонақ үйі аудан қонақтары мен туристер үшін есігін айқара ашты. Жаңа қонақ үй тұтынушыларына ең ыңғайлы әрі сапалы сервистер ұсынбақ.

“Кентімізде кәсіпкерлік нысандарының қатары күн сайын артуда. Міне, бүгін заманауи үлгіде салынған жаңа қонақ үй қызмет көрсетуді бастады. Бұл – Мырзакент кентінде шағын және орта бизнестің қарқынды дамуының бір көрінісі. Бұған дейін облыс орталығынан және басқа да өңірлерден келген қонақтарымыз қонақ үй іздеп Жетісай немесе Атакентті шарлап кететін. Енді оған мүлде себеп жоқ” – деді кент әкімі Мамыр Бейсенбаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы