Бүгін Түркістан қалалысының Мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы Таңғатаров «Сауран» мөлтек ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Атаулы шараға 30-дан астам аудан тұрғыны қатысып, өтініш-тілектерін білдірді. Жиын барысында Мақсат Асылбекұлы депутаттық корпустың атқарған жұмыстарын баяндай отырып, бірқатар істердің орындалып жатқандығын атап өтті.

Қабылдауға келген азаматтар түрлі мәселелерді ретімен жүйелі түрде жеткізді. Атап өтетін болсақ, жер мәселесі, атаулы әлеуметтік көмек, кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй, газ мәселесі мен әлеуметтік көмек көрсету төңірегінде өтініштер қозғалды. Сонымен қатар осыған дейін атқарылып жатқан жұмыстарға аудан тұрғындары оң бағасы мен ризашылығын білдірді.

Сөз соңында Мақсат Асылбекұлы әрқашан ашықтықты ұстана отырып, тұрғындарды алаңдатқан кез-келген мәселе бойынша әлеуметтік желідегі ресми парақшаға сын-пікірлерін қалдыруға болатындығын алға тартты. Осы бағыт бойынша ұсынылған өтініш-пікірлердің бақылауға алынып, қадағаланатындығын жеткізді.
