ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚАЛЫП­ТАС­ТЫРУДАҒЫ ТЫҢ БАСТАМАЛАР

767 көрілім

Еліміздің саяси-экономикалық дамуының нақты жоспары Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрініс тапты десек те болады. Сан жылдар бойы еңсесін тіктеп, батыл қадам жасап келе жатқан еліміз үшін бұл – тарихи-саяси мәні ерекше құжат. Мысалы Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары­ның құрылуы халықтың толық көңілі­нен шығып, кең ауқымда қолдау тауып отыр. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев «суперпрезиденттік» басқару формасынан күшті Парламенті бар президенттік формаға көшуді ұсынды.

Отыз жыл бойы елімізде қор­даланған мәселелер тым көбейіп кетті. Әсіресе, азаматтар құқы­ғын сақтамау, ел заңдарын өрес­кел бұзу фактілері халықара­лық ұйым­дардың сынына ұшыра­ды, Қазақ­стан беделіне нұқсан келтір­ді. Осындай келеңсіз жайттарды тізе келіп Президент реформаларды неден бастау керек екенін атап өтті. Ел Президентінің әкімші­лік-аймақтық мәселеге ден қой­ғаны, бұл Қазақстанның бүгінгі алмағайып кезеңдегі аумағын нығайтып, болашақ ұрпақтың қамын ойлаған бүкіл халық қолдайтын саяси-экономика­лық өзгерістердің бірі деп айту керек. Осыған орай, кезінде жеке облыс болып шаңырақ көтерген Семей облысының Абай, Жезқазған облысының Ұлытау, Алматы облысының Жетісу және Алматы облысы болып қайта құрылуы, Қапшағайдың атын өзгертіп, Қонаев деп атауға ұсыныс жасауы біздің ұлтымыз үшін өте маңызды құптайтын қуанышты жағдай. Дәл қазіргі қиын-қыстау кезде осындай ауқымды мәселелердің бәрін жүзеге асыру үшін қаншама қаражат пен адами ресурс­ қажет екенін ұмытпайық. Президент айтқандай, Қазақстан – дара және жалғыз мекеніміз, оның да мүмкіндіктері шектеулі екенін есте сақтайық және оны алақанымызға салып мәң­гілік асыл мұра болып қала беруіне баршамыз бір адамдай жұ­мылғанымыз абзал.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­­тың бұл жолғы Жолдауын барша қазақ­стандық қоғам тағатсыздана күт­кені анық. Өйткені, Жолдаудың негіз­гі мазмұны саяси реформаларға қатыс­ты болатын. Қаңтар дүрбелеңінен кейін дағдарып тұрған жұртшылық Президенттен Жаңа Қазақстанды қалып­тас­тыруға бағытталған тың бастамалар күтті. Заман ағымы, уақыт тынысы бұдан да іргелі, әрі күрделі өзгеріс­терді талап етері сөзсіз. Ең бас­тысы, халықтың талап-тілегіне және аза­мат­тық қоғамның даму қарқынына орай, дер кезінде оң өзгерістерге бет бұру. Бұл тұрғыдан алғанда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын Қазақстан қоғамын демократияландыру жолында жасалған тарихи қадамдардың бірі деп бағалауға тиіспіз. Мемлекет бас­шы­сының өз сөзімен айтқанда бұл Жолдау­дың «арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек».

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазір­гідей алмағайып кезеңде алаң көңіл­де отырған отандастарымызға елі­міз үшін дамудың жалғыз ғана жолы бар екенін айқындап берді. Ол – қоғамның әрбір мүшесі мемлекеттік саясатты қалып­тастыруда тең құқыққа ие бола ала­тын демократия жолы. Ол жолға жету үшін Президенттің өзі айтқандай «жұртымызға, ең алдымен, ауызбіршілік керек. Ақыл мен сабыр, парасат пен ұстам­дылық қажет».

Тәжібек МҰСАЕВ,

Түркістан қалалық мәслихат депутаты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы