- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі мен Түркістан облысы прокуратурасының сарапшылық кеңесінің бірлескен жиыны болып өтті.
Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаев қатысып отырды. Жиналысты кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы О.Кабиштаев күн тәртібімен таныстырып, жүргізіп отырды.
Жиынның күн тәртібіне сәйкес, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары З.Амирова жер қойнауын пайдалану үшін келісім-шартты қалпына келтірудегі кедергілер, Кентау қаласы кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің басшысы Н.Каримбаев Кентау қаласы кәсіпкерлерінің инфраструктураға байланысты проблемалары бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ағын су, минералды тыңайтқыш және жеңілдетілген жағар-маймен қамтамасыз ету жағдайы, мемлекеттік сатып алу рәсімінде кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу деректері бойынша Түркістан облысы прокуратурасының басқарма бастығы Н.Боранбаев хабарлама жасады. Жиналыстың күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша көптеген ой-пікір айтылып, кеңестің хаттамалық шешімі ұсынылды.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.