Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университеті және Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттерінің қатысуымен Түркістан облыстық «Jas Otan» жастар қанаты ұйымдастыруымен «TAZA SESSIYA» акциясы болып өтті. Сауалнама анонимді түрде алынды. «TAZA SESSIYA» акциясының негізгі мақсаты Студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау болып табылады.

«Taza Sessiya» акциясына Түркістан облыстық мәслихат депутаты Динара Егамбердиева , Түркістан қалалық мәслихат депутаттары Нұрсұлтан Жүсіпбаев, Ақиқат Абдуллаев, Жансерік Жұман, «Түркістан-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұржахан Абуова, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойыншы департаментінің превенция басқармасының бас маманы Гүлмира Төлегенқызы, Түркістан облыстық «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.⠀

Республика көлемінде «Taza Sessiya» акциясын өткізудің соңғы қорытындысына сәйкес 64 ЖОО және 20 710 студент қамтылып, ал сауалнама қорытындысы бойынша ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық деңгейі 12,5% құрады. Осы жылы республика көлемінде 30 мың студентті қамту жоспарланған болатын. Сауалнама қорытындысы сәуір айының соңында көпшілікке жарияланбақ.
Шапағат ҒАЙБУЛЛА.
