ОН АВТОБУС СЫНАҚТАН ӨТТІ

774 көрілім

Түркістан қаласында қоғамдық көлік қарым-қатынасын жақсарту жүйелі жүргізілуде.Қазіргі таңда, жоспарға сәйкес шаһарға 10 жаңа автобус жеткізілді. Бұл автобустар 1 сәуірден бастап №1 бағытта қатынас жасап, тұрғындарға қызмет етеді. Бастапқыда жаңадан алынған автобустарды №6 қоғамдық көлік бағытына жүргізу жоспарланған болатын. Осыған байланысты, 31 наурызда жаңа автобустар №6 бағыттағы қоғамдық көліктердің жол жүру сызбасымен сынақтан (тест-драйв) өткізілді. Сынақ жүргізуге қалалық мәслихат депутаттары және қала әкімінің орынбасары, сондай-ақ, «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мамандары қатысты. Сынақ барысында аталған жаңа габаритті автобустар жол қауіпсіздігін сақтауға кері әсерін тигізетіні анықталды. Өйткені, автобустардың ұзындығы 10 метрді құрайды. Ал, №6 қоғамдық көлік бағытының Баянауыл, 1-ші мөлтек аудан аумағындағы жолы 5-6 метрден тұрады. Яғни, маршрут бойындағы ені қысқа көшелерде қатынас жасау және бұрылу қиындықтар тудырады. Ол өз кезегінде жол қауіпсіздігін сақтауға кедергі келтіреді.Осыған байланысты, сынаққа қатысушылардың келісімімен жаңадан алынған автобустарды қолданыстағы қалаішілік №1 бағытқа жүргізіп, №1 бағытта жүріп жатқан 8 метрлі автобустарды қалаішілік №6 бағытқа ауыстыруға шешім қабылданды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы