2022 жылғы 4 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Бейсенов Қымбат Серікұлы «ANTIKOR.LIVE» жобалық кеңсесінің алаңында сөз сөйледі.
Департамент басшысы өз сөзінде қабылданатын шешімдердің ашықтығы, тариф белгілеу кезіндегі ашықтық, табиғи монополиялар субъектілерінің өтінім беруін қағаз форматтан электрондық форматқа көшірілгендігі және Департаменттің табиғи монополияларды реттеу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша баяндады.
Бұдан бөлек, Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға және құқықтық сананы арттыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өткізетін іс-шараларды, сондай-ақ Facebook және Instagram әлеуметтік желілері арқылы ай сайынғы негізде қоғамдық қабылдау бөлмелерін өткізу туралы ақпаратты назарға жеткізді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті
