ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

2  368 көрілім

  Кешегі сәрсенбі күні қала әкімі Р.Аюпов Түркістан қалалық төтенше жағдайлар басқармасына арнайы барып, олардың жұмыстарымен танысты. Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі С.Смайлов, Түркістан қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Т.Досалиев, Түркістан қалалық №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Д.Тәңірбергеновтер қала әкіміне атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде кеңінен таныстырды.

  Қала әкімі Р.Аюпов Түркістан қалалық төтенше жағдайлар басқармасының жұмыстарымен жете танысып, жеке құрамның жұмыс бөлмелерін, асханасын, жаттығу орындарын, диспетчерлік кеңсесін аралап көрді. Сонымен қатар, Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі С.Смайлов қала әкіміне облыс орталығы атанған Түркістан қаласын бүгінде 16 секторға бөлінген схемасын таныстырып, ол жерлерде өрттің алдын алу бағытында жұмыстардың жүргізіп жатқанын және алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы