ЕЛ БІРЛІГІ – КИЕЛІ ҰҒЫМ

682 көрілім

Бүгін қала әкімдігінің мәжіліс залында  қала әкімі Н.Тұрашбековтың төрағалығымен өткен жиында, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылығы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан; Жаңару мен жаңғыру жолы» атты  Жолдауы талқыланды.

Жиынға қалалық ардагерлер кеңесінің  төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов,  әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Әбенқызы,  қалалық мәслихат депутаттары, «Jas Otan»  жастар қанаты, «Amanat» партиясының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Халыққа саяси серпін берген  Жолдауды жиынға қатысқандар қолдайтындығын және оң көзқараста екендіктерін жеткізіп өз пікірлерін ортаға салды.

 «Бұл Жолдау ел тарихында ерекше бастамалар құрылып, оң өзгерістер беретін жаңа кезеңнің басталуы деп есептейміз сондықтан ел бірлігі жолында бірлесе жұмыс атқаруымыз керек»,- деді Нұрбол Тұрашбеков.

Арайлым Мейрамханқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы