Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы жылғы 16 наурыз күні Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты өзінің Жолдауын арнады.
Жолдауда Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан» құрудың нақты бағдарын айқындап берді. Президент еліміздің жарқын болашағын қамтамасыз етуге арналған көптеген маңызды бастамаларды көтерді. Оларды іске асыру-халық болып жұмылатын ортақ міндет.
Мемлекет басшысы осы Жолдаумен елімізде үлкен саяси өзгерістерге жол ашты және оған тың серпін берді. Негізінде ел Президентінің әрбір Жолдауын халқымыз үлкен үмітпен зор ықыласпен қарсы алады. Бұл Жолдауды да халқымыз ерекше қабылдады. Жолдауда елімізді басқарудың суперпрезиденттік үлгісін мықты парламенті бар президенттік республикаға көшу қажеттігін ол үшін, жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдырамыз. Осыған орай, «Күшті Президент-ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа аламыз, – деп атап көрсетіп, ол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін бірқатар бастамаларды ұсынды. Бастамаларда мәслихаттарға тікелей қатысы бар өкілді билік тармағын қайта құруға бағытталған бөлім ұсынылған.
Бұл бөлімде «Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн. Мықты мәслихаттар өзекті мәселелердің шешімін табуға және аймақтардағы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады. Олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін мәслихат төрағасы лауазымы енгізілетіні жөнінде айтылған.
Қазіргі уақытта біздің қалалық мәслихат депутаттары қала әкімдігімен бірлесіп, партиямыздың «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының орындалуы бағытында көптеген жұмыстар атқарып келеді. Атқарылған жұмыстар туралы БАҚ мен әлеуметтік желілерде халықтың назарына үнемі жеткізіп отырамыз.
Жолдаудағы баса назар аударатын бөлім «Сайлау жүйесін жетілдіру». Бұл бөлімде қазіргі таңдағы мәжіліс депутаттары мен мәслихат депутаттарын пропорционалды тәсілмен сайланатыны туралы, алайда оның да жағымсыз тұстарының байқалатынын айта келе, алдағы уақытта ондай жағдайларды болдырмау үшін, аралас сайлау жүйесіне көшіруді сондай-ақ аудандар мен қалалардағы сайлауды толығымен мажоритарлық жүйеге көшіруді ұсынды. Бұл жүйеге көшу шын мәнінде жергілікті жерлерде бәсекелі саяси ортаның қалыптасуына, халық арасында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашатындығы сөзсіз.
Ел Президенті, Пропорционалды және мажоритарлы жүйе қатар қолданылса, саяси партиялардың рөлі сақталады. Олар еліміздегі азаматтық қоғамның басты институттарының бірі ретінде қала беретіндігіне сенімді екендігіне тоқталып өтті. Сонымен бірге, бұл жүйе сайлауды әділ өткізуге және мемлекетті тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Аралас сайлау үлгісі азаматтардың саяси белсенділігін арттырып, елімізді жаңғырту үдерісіне жұмылдыра түседі деп атап өтті.
Мемлекет басшысы еліміздің Жаңару мен жаңғыру жолын нақты айқындап, оның сенімді де айқын бағыттарын көрсетіп берді. Жолдаудың басты негізі-мемлекеттікті нығайту, тәуелсіздікті тұғырлы ету. Жолдаудың аясында ел Конституциясына 30 дан астам өзгерістер енгізілетін болады және 20 дан астам заң қабылданады. Жолдауды іске асыру тек биліктің міндеті емес, ол баршамызға ортақ мүдде әрі міндет, ел болып бірігіп бірге жұмылатын іс. Алдағы уақытта бұл бастамалар ашық, демократиялы және құқықтық мемлекет «Жаңа Қазақстан» құрудың бастауы боларына сеніміміз зор екендігін айтуға болады.
Мақсат ТАҢҒАТАРОВ,
қалалық мәслихат хатшысы.