Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дәстүрлі Жолдауын Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаныңда халық алдында жариялады. Биылғы Жолдауда еліміз үшін маңызды мәселелер қаралып, алдағы уақытта оң шешімін тауып, көптеген өзгерістер орын алатынын айтты. Әсіресе мемлекеттік басқару саласында бірқатар реформалар жасалуда деді. Оның ішінде президенттік басқару өкілеттіктерді парламентке беру, мәжіліс мен мәслихаттың құзіретін күшейту, сайлау жүйесіне өзгерістер енгізу, әкімдер мен оның орынбасарлары партия филиалдарында қызмет атқаруына тиым салу, облыс әкімдерін тағайындауда мәслихатпен келісімен жүзеге асыру сынды мәселелер айтылды.
Сонымен қатар Алматы облысы екіге бөлініп, Семей облысы қайта құрылмақ. Жолдауда кешегі қаңтар оқиғасына да тоқталып, кінәлілер жауапсыз қалмайтынын айтты. Сөз соңында Мемлекет басшысы: «Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейтіні анық, бәрі өз қолымызда. Сондықтан, баршаңызды Жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын. Халықтың қолдауымен мақсатымызға жетеміз деп сенемін» – деді. Сын сағатта бірге болып, жолдауда айтылған мәселелерді қолдауға шақырамын.
C.Қасымбек, Түлкібас аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
