ЖОЛДАУДАҒЫ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

571 көрілім


Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Маңызды шешімдердің ашықтық пен шынайылықты қажет ететіндігін айтып өтті. Билік пен қоғам арасында көпір ретінде қызмет ететін дала демократиясын дамытып, ұлттық құрылтай құруды ұсынды. Құрылтайдың құрамына әр облыстан қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, фермерлер, өзге ұлттар мен депутаттар кіретінін атап өтті. ​Тағы бір қуанышты хабарлардың бірі Семей өңірінде Абай облысын, Жезқазған өңірінде Ұлытау облысын, Алматы облысын екіге бөліп Қапшағай және Талдықорған қалаларын облыс орталықтары ретінде құру туралы жаңалықтармен бөлісті.​ ​ ​ ​

Сонымен қатар, заңға өзгерістер енгізіп, құқық қорғау институтын күшейту туралы ана мен балаға зорлық-зомбылыққа қарсы жазаны күшейтуді ұсынды. БАҚ өкілдеріне халықпенен бірге болып тапсырыс пен ақша үшін емес, халықтың мұң-мұқтажын жанашырлықпен бірлесе жеткізу туралы ұсыныс тастады. Шындықпен жанаспайтын дүниелерден аулақ болып халық көзбен көріп қолымен ұстайтын ертеңгі емес бүгін бақытты өмір сүру үшін жағдай жасауға бабалардың аманатына шын ниетімен еңбек ететіні туралы ашып айтты.

Ұлжан Әбенқызы,
Түркістан қалалық әйелдер алқасының төрайымы
.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы