«АДАЛ ЖОЛДЫ ТАҢДАЙМЫЗ» ЭСТАФЕТАСЫ МАҚТАРАЛДЫҚТАРДАН ЖЕТІСАЙЛЫҚТАРҒА ТАБЫСТАЛДЫ

1  594 көрілім

 «Адал жолды таңдаймыз» облыстық марафон эстафетасы Жетісай ауданына табысталды. «Түркістан – Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесімен бастау алған жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара Мырзакент саябағында өтті. Жиынға 300-ге жуық жас өрендер қатысып, Мақтарал ауданы этафетаны жетісайлықтарға ұсынды. Эстафетаны табыстау рәсіміне келген қонақтар аудандағы кенттер және ауылдық округтермен бірлесе ұйымдастырылған көкөніс, ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарының көрмесі мен жас спортшылардың шеруін тамашалады.

Іс – шараға арнайы қатысқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің Сарыағаш аймағы бойынша аудандаралық басқармасының басшысы С.Жантөреев өткізіліп жатқан марафонның маңыздылығын атап өтіп,  марафонға белсене қатысқан азаматтарға Алғыс білдірді. Эстафета аясында өткен шарада кітап пен туды табыстаушы аудан Мақтарал  ауданы әкімінің міндетін атқарушы Б.Төребеков қорытындыласа, ал қабылдап алушы аудан Жетісай ауданы әкімінің орынбасары А.Маханбетов сеніп тапсырылған шараны өз аудандарында жоғары дәрежеде өткізетінін айтты.

Айта кетейік, марафон департаменттен бастау алып әрі қарай, Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Сайрам, Түлкібас, Төлеби Шардара және Мақтарал аудандарында өтті. Марафон аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар барлық аудан, қала жастарының белсенді қатысуымен өтуде, марафонның соңғы Форумы, яғни жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 9 желтоқсан Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өтетін болады.
Түркістан облысы сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы