Бүгін қала әкімдігінің мәжіліс залында «Медиация туралы» ҚР Заңын насихаттау және тиімділігін арттыру мақсатында семинар болып өтті.

Жиынға Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қанатбек Досайұлы, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа судьясы Аят Ерманұлы, «Халықаралық медиация орталығы» РҚБ Түркістан облысы бойынша өкілдігінің директоры Еркебұлан Салыбекұлы, Түркістан қаласының прокуротурасының прокуроры Жалғасбек Аблашұлы, және білім бөлімінің мамандары, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде қаралған мәселеге сәйкес; Түркістан облысының медиациялық келісім-шарт жасау деңгейін көтеру, кәсіби медиаторларға сот ішінде кабинет беру мәселесін нақтылау, сотқа дейін келген арызды кәсіби медиаторларға ұсыну, халық арасында дауды төмендету, кәсіби медиаторлардың халық арасындағы дауларды бітіммен шешуге мүмкіндік беру секілді ұсыныстар айтылып, түйткілді мәселелер талқыланды.
Арайлым Мейрамханқызы.
