ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ОЙДАҒЫДАЙ ӨТТІ

861 көрілім

Жақында Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде» 2022 жыл – «Балалар жылы және ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылы» мерейлі жылына арналған үстел теннисінен 2007 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер арасындағы Түркістан облысы чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыста облысымыздың 11 ауданынан 170 ге жуық спортшылар өз бақтарын сынады.


Жарыстың мақсаты – жастардың үстел теннисіне деген қызығушылығын арттыру, оларды салауатты өмір салтын насихаттауға шақыру. Жылдамдық, шапшаңдық пен ептілік, тез шешім қабылдап, ойлау сияқты қабілеттіліктерін қалыптастыратын аталмыш жарыста «Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен» Марлен Жұмағұл 1-орын, Қарақат Бегайдар 1-орын, Фахритдин Бакаев (жаттықтырушылары Оразбек Божбанбаев, Мұхтар Сыздықов) 3-орынға ие болды.
Жарыс соңында «Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры Ануар Сарсенбаев жеңімпаздар мен жүлдегерлерді арнайы медаль, грамоталармен марапаттады. Сондай-ақ, жас теннисшілерге алдағы уақытта болатын Қазақстан Республикасының чемпионатында жақсы нәтиже көрсетіп, зор үміт артатынын айтып, сәттілік тіледі.


Райымжан ӘЛІБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы