КИЕЛІ ШАҺАРДА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

924 көрілім

Қаламыздағы №3 перинаталдық орталығында үшемдер дүниеге келді. Бүгін қала әкімдігі мен перинаталды орталық ұжымы қуаныш иелерін құттықтап, үшемдерді перзентханадан құрметпен шығарды.

Мухаммедали, Омар, Оспан бұл Сұлтановтардың шаңырағына қуаныш сыйлаған сәбилердің есімдері. Шақалақтардың атасы Үсен Бимурзаев ақсақалдың қуанышында шек жоқ. Үлкен ұлы Александр мен келіні Набаттың екі қыз бір ұлдарынан кейінгі дүниеге келген үшемдер Алланың берген сыйы дейді. Салмақтары небәрі 1850 гр, 1490 гр, 1550 гр болып туылған шақалақтардың да, 33 жастағы батыр ананың да бұл күндері жағдайлары қалыпты.


Жас ананы қуанышы мен құттықтауға қала әкімдігінің аппарат басшысы Ерлан Бақытжанұлы және Түркістан қалалық мәслихаты атынан депутат Рая Серікбайқызы келіп ізгі тілектерімен қатар сыйлықтарын табыс етті.

Арайлым Мейрамханқызы.

                                                               

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы