Түркістан қалалық әкімдігінде ҚР Президенті, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде берген тапсырмаларын талқылау бойынша қалалық партия активінің жиналысы өтті. Партия активін қала әкімі, қалалық партия филиалының төрағасы Н.Тұрашбеков ашып, жүргізіп отырды.

Партияның күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Темірбаев баяндама жасады. Баяндамашының мәлімдеуінше 1-ші наурызда Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезі өтті. Съездің тарихи мәні мен маңызы зор. Себебі, 1999 жылы 1 наурызда партияның алғашқы съезі өтіп, партияның құрылған күні болып белгіленгенін атап өтті. Содан бері 23 жыл өтіпті. Партия қаншама сын сағаттарды бастан өткерді. Халықты ортақ мақсатқа жұмылдыра білді. Қоғамға пайдалы көптеген бастамалар көтеріп, сайлаушылардың қолдауына ие болды. Дегенмен заманның талабына сәйкес, қоғамның санасы саясиланды, халықтың талабы өзгерді. Осы орайда, кешегі өткен съезде партияның атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылып, жаңа атауды делегаттар бірауыздан қолдады.

Сол жиында Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Партияның ребрендингі – бұл оның атын партия белгісін өзгерту ғана емес. Бірінші кезекте, партия жұмысын қайта құру керек» деп атап өтті. «Аманат» атауы – елдің, қоғамның арасындағы қордаланған мәселелердің оң шешімін табуына ықпал етіп, сайлаушылардың сенімін арқалаған партияның шынайы бейнесін айқындайтын болады. Алдағы жоспарларды сапалы атқаруға деген жауапкершілігін күшейтетінін жеткізді.
Жиында жарыссөзге қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі, партия ардагері, қалалық мәслихаттың депутаты Т.Мұсаев пен «Jas Otan» ЖҚ белсенді мүшесі М.Қалматаева күн тәртібіндегі мәселе бойынша өздерінің ой-пікірлерін білдірді. Жиналыста сөз алғандар қоғамның құрылысы мен сұранысы өзгеруде, әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлауда, геосаяси шиеленіс күшеюде. Бұл жағдайда саяси бәсекелестіктің артуы заңды. Партия заман ағымына ілесіп, уақыт сынына жауап бере алатын саяси күш болып қалу керектегін атап өтті.