ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ҚАРАСТЫ АУДАНДАРДА МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР ӨТТІ

1  280 көрілім

ТӨЛЕБИЛІКТЕР «ГҮЛ СЫЙЛАЙЫҚ АНАҒА» МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Төлеби ауданында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Гүл сыйлайық анаға» атты мерекелік концерт өтті. Салтанатты жиынға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосқан білімді де білікті, жұмыспен қатар отбасына, бала тәрбиесіне үлгеріп жүрген арулар мен мемлекетіміздің өркендеуіне, атсалысып бүгінде зейнеткерлікке шыққан аналар қатысты. Асыл жандарды шырайлы мерекемен аудан әкімі Төлеген Телғараев құттықтап, аналарға гүл шоқтарын табыс етті. Айтыскер ақын Жезмарал Байтуова аналарға шығармасын арнады. Аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

БӘЙДІБЕКТЕ «ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫН СЫЙЛАДЫҢ СЕН МАҒАН» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Бәйдібек аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты мерекелік іс-шара өтті. Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков аяулы аналар мен қыз-келіншектерге, қызметте жүрген азаматшаларға құттықтауын жеткізіп, елге еңбегі сіңген, бүгінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келе жатқан бірқатар аналарды Алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпатын жасады.

МАҚТААРАЛДА АНАЛАРДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ МЕРЕКЕЛІК ЖИЫН ӨТТІ Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов әйелдер қауымына мерекелік дастархан жайып, көктемнің шуақты мерекесімен арнайы құттықтады. Салтанатты іс-шараға ауданның әжелері, көпбалалы аналар және түрлі салада белсенді қызмет етіп жүрген қыз-келіншектер қатысты.

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ АНАЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 101 жасқа келген тыл еңбеккері Минаш Жақыпова әжені мерекемен құттықтап, мерекелік гүл шоқтарын сыйлады. Аудан көлемінде ғасыр жасаған 6 әже ғұмыр кешуде. Аудан әкімі ақ жаулықты әжелер мен аяулы аналарға және де әсем аруларға ізгі тілекетерін білдіріп, «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапаттады.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСЫ ЖҮЗДІ ЕҢСЕРГЕН АНАЛАР

Түркістан қаласында 100-ді еңсергін 6 ана бар. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарылқасын Құлбайымбетов 102 жасқа толған Қызсұлу Нұрханова мен 100 жастың жотасына шыққан Әшіркүл Бимаханбетованың шаңырағында болып, мерекелік лебіздерін білдірді.

САРЫАҒАШТА ЕКІ ҒАСЫРДЫҢ КУӘСІ БОЛҒАН ӘЖЕ МЕН КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Нұрлы жол ауылында тұратын 102 жастағы Жадыра әжейдің шаңырағына арнайы барды. — Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, құрмет көрсету — парызымыз. Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды, — деген Мұхит Баймұханбетұлы қарт әжеймен әңгімелесіп, арнайы сый-сияпаттарын табыстады.

КЕЛЕСТЕ ҒАСЫР ЖАСАҒАН ӘЖЕ МЕН ЕЛГЕ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев 8 наурыз күні 100 жасқа толатын Нанабекова Қатира әженің шаңырағына барып, мерекемен құттықтады. Аудан басшысы ғасыр жасаған кейуананың жағдайын сұрап, иығына ақ жаулық жауып, сыйлық табыстады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы