ШОЙЫН ЖОЛДА ШЫҢДАЛҒАНДАР

714 көрілім

«Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» ЖШС – «Шымкент бөлімшесі – Жүк тасымалы» Қазақстан Республикасының экономикасының өркендеуіне өз деңгейінде орасан зор үлес қосуда. Яғни тасымалданатын жүктің және жолаушылардың басым бөлігі темір жол қызметін пайдаланады. Бұл бағытта Қадыр Сырлыбеков басқаратын Түркістан станциясы теміржолшыларының да қосып отырған үлесі де зор.
Ұжымда 107 адам жұмыс жасаса, оның 24-і әйелдер. Теміржол саласында кез келген қызметті меңгерудің өз қиындығы бар, алайда кәсібіңе деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сол қиындықтарды алдын ала жеңудің ұтымды тәсілі болмақ.
Мекемеде барлық еңбек қорғау ережелері мен заңдылықтары қадаға-ланып, нормативтік талаптардың сақ-талуына бақылау жасалуда. Жұмыс барысында қолданылатын құрал-саймандардың жарамдылығы, жеке қорғаныс құралдарының пайдаланылуы, арнайы киім-кешекпен қамтылуы, зиянды өндірістегі теміржолшыларға сүт өнімдерінің берілуін қадағалау, күн сайын ауысымға шықпас бұрын дәрігерлік тексеруден өтулері үнемі бақылауда.
Компания кәсіподақ ұйымынан жұмысшыларымызға кезекті еңбек демалыстарында Көкшетау, Қарағанды, Алматы, Сарыағаш шипажайларына жолдама бөлініп, балаларына жазғы айларда сауықтыру лагерьлеріне жолдама беріліп, демалуларына мүмкіндіктер жасап қойған. Жыл он екі ай халық шаруашылығы жүктерін тасудың күре тамыры атанған темір жол бойында бір сәт еңбек дүбірі толастаған емес, әсіресе ұжымда өз ісіне барын салып, үнсіз еңбек етіп жатқан теміржолшы әйелдеріміздің орны бір бөлек. Тәулік бойына тыным таппай еңбек етіп, қолдарынан келер үлгілі істі ер кісілермен бірдей тындырып-ақ жатыр. Мереке қарсаңында станцияда еліміздің мүддесі үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан барлық әйелдерді атап өтуді жөн көрдік. Станция кезекшісі Баян Сүлейменова, станция кезекшісінің жанындағы операторлар Гүлжан Ақымбекова, Жанна Көшербаева, Райхан Молдабаева, Алтынай Асқарова, жүк құжатын өңдеуші операторлар Бейсенкүл Усенбаева, Әлия Шерубаева, Гүлзейнет Даутова, Салтанат Қойшыбаева, Светлана Маслова, Жанар Асанова, Тұрсынай Абдрашитова, Манат Мұханова, Шолпан Қосмамбетова, Айгерім Қасымбекова, Құрбанкүл Бексеитова, Патима Бабаханова, Балнұр Рахымжанова, тауар кассирлері Лаура Шарипова, Клара Сәрсенбаева, Ибраева Гүлмира, жүк қабылдап-тапсырушылар Нағима Ақжігітова, Клара Мырзалиева.
Ал, еңбек қорғау инженері Ләззат Рысбаева жастарымызға өзінің өмірлік және еңбек жолында жиған білімімен бөлісуден бәр сәт жалыққан емес. Барша теміржол саласының қыз-келіншектерін көктемнің алғашқы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріне саулық, еңбектеріне толағай табыс, жанұяларына құт-береке тілейміз.


Қ.ЕСЕНБЕКҰЛЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы