«МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ – ТАЗА ҚАЛА» ЭКО АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

1  082 көрілім

Шаһардың шырайын келтіріп, көшелердің көркін кіргізу үшін тазалық жұмыстарын жүргізу аса маңызды. Осыған орай, қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтың бастамасымен қолға алынған «Менің таңдауым – таза қала» акциясы  өз жалғасын табуда.

Аталған шараға қалалық мәслихат депутаттары Жансерік Жұман, Нұрсұлтан Жүсіпбаев, Ақиқат Абдуллаев және ХҚТУ-нің, Туризм және меймандостық  университетінің, қалалық көпсалалы қолөнер колледжінің, жоғарғы медицина колледжінің, «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің студенттері ат салысты. 60-қа жуық еріктілер қатысқан эко акцияда Жібек жолы, Сарыжайлау көшелері мен Б.Саттарханов даңғылы қоқыстан тазартылды.

Шаһардың жаңа келбетін қалыптастыратын бұл акция 15 наурызға дейін өз жалғасын таппақ.

Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы