ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ГІР КӨТЕРУДЕН 22 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

472 көрілім

Гір көтеру спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты Ақтөбе қаласында болып өтті. Аталған чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен ересектер, жастар, жасөспірімдер және кіші жасөспірімдер арасында 300-ге жуық спортшы қатысып, өз бақтарын сынады.

Ел чемпионатында Түркістан облысының спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Түркістандық спортшылар жеткіншектер арасында 3 алтын, 5 күміс еншіледі. Жасөспірімдер арасында 5 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алса, жастар додасында 4 алтынға иелік етті. Ересектер бәсекесінде қоржынға 1 алтын медаль түсті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы