Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков «Бақ Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен бірге 1 наурыз «Алғыс айту» күні аналарға құрмет көрсетті. Көпбалалы аналарға орамалдар мен сыйлықтар табыстады. Аудан басшысы Шолаққорған ауылындағы 10 баланы дүниеге әкелген 86 жастағы Ғайрынса Әдішова мен 96 жастағы Ұрқан Аймұқанбетқызының шаңырағанда болды.

Ардақты аналар аудан басшысына, ақ баталарын берді. Айта кетерлігі, «Бақ Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігі аудан көлеміндегі 200 көпбалалы анаға құрмет көрсетуді жоспарлауда.