ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯ – ТЕҢ ҚОҒАМ

1  358 көрілім

Келес ауданында ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Қазыналы қария – тең қоғам» атты қызмет көрсететін орталық ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шералы Сәрсенұлы және ауданның бір топ қазыналы қариялары қатысып, ғимараттың лентасын қиды.

«Мекемені ашудағы мақсатымыз – аудандағы барлық қарияларымыз бен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету болып табылады. Бұл жерде қарияларымыз уақыттарын көңілді өткізіп, емдік және спорттық сауықтырудан өтеді. Мекемеде медициналық мамандар, спорт инспекторлары және әлеуметтік мамандардан құралған 22 қызметкер қызмет көрсетеді», деді өз сөзінде аудан әкімі Ақментай Үсенұлы.

Мекеме ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды топ-топқа бөліп, қызмет түрлерін көрсетеді. Өз кезегінде ел ағалары, зейнеткерлер қолайлы жағдай жасағаны үшін аудан басшылығына ризашылықтарын білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы