МЕРЕКЕЛІК КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ

1  448 көрілім

Көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күніне  орай, қаламыздағы «Фараб» кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мерекелік кездесу кеш өтті.

«Алғыс айту парызым» тақырыбында өткен іс-шараға қаламыздың «Салиқалы әжелер» әжелер алқасының мүшелері, ТОКЖ-нің №9 кітапхана филиалының меңгерушісі Абдуманапова Гүлмира Қайратқызы және БАҚ өкілдері мен мектеп оқушылары қатысты. Еркін форматта өткен іс-шара кітапхана қызметкерлерінің әр сала мамандарына алғыстарын білдірген бейнефильммен басталып,   шара қонақтарының өнегелі әңгімелерімен жалғасты.

Кездесу барысында әжелер алқасының төрайымы Серім Айғаным Абанқызы жастарға бата-тілегін айтып, тағылымды ойларын ортаға салды. Кездесуге келген М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебінінің оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, ақ кимешекті жандарға құрметін білдірді.

Мерекелік шара соңында құрметті қонақтарға «Фараб» кітапханасының директоры Ж.Шардарбекованың арнайы алғыс хаты табысталды.

Дәурен ТІЛЕУХАН

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы