ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР «СТРАНДЖА КУБОГЫНАН» 3 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

869 көрілім

Халықаралық «кіші әлем чемпионаты» деп бағаланатын «Странджа кубогы» болып өтті. Болгарияда бокстан өткен додада Қазақстан құрамасының ерлер және әйелдер құрамасы қатысып, 4 алтын, 4 күміс, 9 қола жүлде еншіледі. Үш медальді ұлттық құрама сапында бақ сынаған Түркістан облысының спортшылары алды. 86 келіде шаршы алаңда ел намысын қорғаған Тоғанбай Сағындық алтын медаль иеленіп, жеңімпаз атанды.

92 келі салмақтағы Абзал Құттыбеков қола жүлдегер атанса, ауыр салмақта, яғни, +92 келіде Нұрлан Сапарбай үшінші орынға ие болды. Бұл жеңіске Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, елімізге танымал бапкер Мырзағали Айтжанов айрықша үлесін қосты. «Странджа-2022» бокс додасына əр құрлық бойынша үздіктер бақ сынасты. Атап айтсақ, жарысқа 40-қа жуық елдің 300-ден астам боксшысы қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы