ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

703 көрілім

Асқар таудай әкеміз Тұрды Бақытжан Бекмашұлын мерейлі 63 жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймыз. Ол 1959 жылы 5 наурызда Түркістан қаласы, Ынталы елді мекенінде дүниеге келген. 1975 жылы Ынталы елді мекеніндегі «ХХ партсъезд» қазақ орта мектебін бітірді.

Алғашқы еңбек жолын 1975-1977 жылдары Майдантал совхозында жұмысшы болып бастаған. 1983 жылы Шымкент қаласында қазақ химия институтының инженер құрылысшы мамандығын бітіріп шықты.1984 жылы Қорғасын зауыты жанындағы РСУ мекемесінде бетоншы, 1984-1985 жылдары Майдантал совхозында құрылыс бөлімінде бригадир, 1985-1986 жылдары совхозда есепші, 1986-1995 жылдар аралығында Майдантал совхозында инженер технадзор болып қызмет жасады. 1996-2000 жылдары «Шапағат» өндірістік кооперативінің төрағасы, 2004 жылы «Түркістан-Су» МКК техника қауіпсіздігінің инженері, 2004-2005 жылдары Сауран ауылдық округ әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарды. 2005-2006 жылдары Түркістан қаласы тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық автокөлік жолдары бөлімінің бас маманы, 2006-2009 жылдары аралығында Сауран ауылдық округінің әкімі, 2009-2010 жылдары қала әкімінің кеңесшісі, 2010-2011 жылдары аралығында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, «Тех-МБС» ЖШС-нің басшысы қызметтерінде болды.

Ал, қазіргі таңда «Жарық және құрылыс» ЖШС директорының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келеді.

Жоғарыда айтылған қажырлығы, ерен еңбектері үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық, ҚР Мәслихатының – 25 жылдық, ҚР Конституциясының – 20 жылдық медальдарын иемденген. Сонымен қатар, қаланың «Құрметті азаматы», «Түркістан қаласына сіңірген еңбегі» төсбелгілерімен және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

Отбасында өмірлік жары Раушан Әбдіманатқызымен бірге 2 ұл, 2 қыз тәрибелеп, олардан 10 немеренің сүйікті атасы атанып отырған жайы бар. Еңселі еліміз үшін аянбай еңбек етіп, еліне елеулі, халқына қалаулы азамат ретінде еңбегі бағаланып, ел құрметіне ие болып келеді.

Өмірдің қиыншылықтарына мойымай, тіршіліктің қиын сындарын мұқалмай көтерген, алдына қойған мақсаттарын табандылықпен орындауда көпке үлгі болуда. Әрдайым отбасында үйдің тірегі болып, өзіңізден өрбіген бала-шағаңыздың көз қуанышы болып жүре беріңіз. Осынау мерейлі күнде Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, әрқашан біздің ақылшымыз, қамқоршымыз болып жүре беруіңізге тілектеспіз.

Ізгі ниетпен құттықтаушылар: ұл-қыздары мен немерелері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы