- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Р.Есетов атындағы №20 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен оқушыларға қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың шығармашылығын таныстыра отырып, ақын өлеңдерін көпшілік назарына ұсыну мақсатында «Поэзия әлемі» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізілді.
Оқушылар ақын өлеңдеріне жазылған әсем әндерді жанды дауыста шырқады. Сонымен қатар, ақынға жазған арнау өлеңдері мен хаттарын оқып, ХХІ ғасырдың ұрпақтары атынан ақынға деген құрметтерін көрсетті. М.Мақатевтың «ХХІ ғасырда ескіремін деп қорқамын» – деген сөзіне бүгінгі ұрпақ өз арнаулары арқылы жауап бергендей болды. Жиынға белсене қатысқан оқушылардың еңбектері еленіп, М.Мақатаевтың жыр жинақтарына ие болды. Әдеби-сазды кешті ұйымдастырушылар көрермендер тарапынан ықыласқа бөленді.
Кешті ұйымдастырушы М.Утегенова, А.Досыбекова, Л.Аманкулова, С.Құдайбергенова, А.Сейдәліева, Д.Юнусовалар мектеп дәлізінде ақынға арналған көрме ұйымдастырып, ұстаздар мен оқушыларды «Есіңе мені алғайсың» әнімен қарсы алып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кеш барысында М.Мақатаев жайлы бейнежазба көрсетіліп, оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарымен бейнесюжет көпшілік назарына ұсынылды.
Меруерт РАХЫМЖАНҚЫЗЫ,
Р.Есетов атындағы №20 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.