МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

959 көрілім

Салдаров Сапарғали Бауыржанұлы Түркістан облысы әкімінің өкімімен Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысы қызметіне тағайындалды. Шымкент қаласында 1988 жылы дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін сәулетші мамандығы бойынша, Аумақтық әлеуметтік-инновациялық университетін құқық саласы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2008 жылы Шымкентте «МиГ и К» ЖШС-де техник-жобалаушы болып бастаған. 2009 жылдан 2014 жылға дейін жеке мекемелерде сәулетші болып еңбек етті. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестаттау және лицензиялау департаментінің мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы, бас маман лауазымдарында болды.

2015-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия жане инфрақұрылымдық даму министрлігі, Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас сарапшы қызметін атқарған. 2020 жылдан бастап Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшының орынбасары міндетін атқарушы, басшының орынбасары қызметін атқарып келген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы