СОЗАҚТА «АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

1  318 көрілім

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков «Алтын алқа» және «Күміс алқаға» лайықты көпбалалы аналарды арнайы қабылдап, марапаттады.

– Сіздер еліміздің демографиясының өсуіне, халық санының көбейуі мен ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып келесіздер. Өз атымнан сіздерге үлген ризашылығымды білдіремін. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын, – деді аудан басшысы.

«Алтын алқа» алған аналар қатарында 7 бала өсірген Айнұр Анарбекова да жылы лебізін білдірді.

– Бүгінгі алып отырған медальдарыңызбен құттықтаймын. Бәріміздің өсіріп отырған ұл-қыздарымыз, тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосатын азамат болсын, – деген тілегін білдірді. Бүгінгі марапат барысында 6 ана «Алтын алқа», 17 ана «Күміс алқа» иегері атанды. Жалпы Созақ ауданында 818 «Алтын алқа», 1120 «Күміс алқа» иесі бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы