Бүгін, Сайрам ауданы, Ошақты ауылындағы Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінде төтенше жағдай орын алды. Таңертең мектептің көмірмен жылытатын жылу қазандығы жарылып, өкінішке орай адам шығыны болған.
Қайтыс болған азамат жергілікті тұрғын, Созақ ауданының тумасы 1963 жылы туған.

Қазіргі таңда оқиға орнында құқық қорғау қызметкерлері қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтау үстінде.