Сауран ауданының әкімдігің ұйымдастыруымен Шорнақ ауылдық округінде арзан бағада жәрмеңке өтті. 2022 жылдың 11 ақпан күні азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында Сауран ауданның орталығы Шорнақ ауылдық округінде жылжымалы жәрмеңке ұйымдастырып, жәрмеңкеге “Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ Тұрақтандыру қорының өнімдері қойылды.

Халықтың көңілінен шыққан жәрмеңке сөрелеріне 1,5 тонна картоп, 350 кг. пияз, 500 кг. сәбіз, 60 л. күнбағыс майы, 500 кг. ұн, 100 кг. тұз қойылды. «Азық-түлік бағасының негізсіз өсуін аудан әкімдігі қадағалауда.

Сауран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Болысбек Шәріпбеков әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жәрмеңкесін алдағы уақытта тұрақты түрде ұйымдастыруды жоспарлап жатқандығын жеткізді.
