Бүгін қаламыздағы «Фараб» кітапханасының концерт залында балалар үйінің тәрбиеленушісі, мүмкіндігі шектеулі жан, жас әнші Салих Қалиевтің қайрымдылық концерті болып өтті. «Өзіңе сен» деп аталатын Қайрымдылық концертіне қала қонақтары зиялы қауым өкілдері қатысты.

Мерекелік шараның шымылдығын Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан ашып, жас әншіні Алғыс хат пен марапаттап, мәдениет қызметкерлерінің атынан жүз мың теңге табыс етті.
Жалпы қайрымдылық концерттің мақсаты, концертке түскен қаржыны тағдыр тәлкегіне ұшыраған Салих Қалиевтің баспаналы болуына байланысты отбасы банк арқылы депозитіне құялатын болады.

Сондай-ақ жиын барысында көгілдір экраннан жас әншінің жігерлікпен, шабытқа толы бейне филімі көпшілік назарына ұсынылды. Жас әнші жанды дауыста көрермендерге әннен шашу шашты. Жиын соңында «Шұғылалы таң» қайрымдылық қорының төрайымы Түркістан қаласының Құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз Дана Садыққызы сөз сөйлеп, мүмкіндігі шектеулі болса да, қиындыққа мойымай халыққа өнерін паш етіп жүрген жас әншіге деген ыстық лебізі мен ақ тілегін жеткізді.
Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ.
