АЯҚТАН АЙЫРЫЛҒАН АРДАГЕР

1  134 көрілім

Пазылбеков Сапарбек Жандарбекұлы 1962 жылы 12 шілдеде Түркістан қаласында туған. Ж.Жабаев атындағы орта мектепті бітірген. Осы жылы ДОСААФ-та оқып, жүргiзушi куәлiгiн алған.

Сапарбек Жандарбекұлы 1981 жылы әскер қатарына шақырылады. Өскемен қаласында әскери дайындықтан өтіп, шілде айында Ауғанстанның Баграм провинциясына барып түскен. ДОСААФ-та бiрге оқыған Мамраймов Аппаз екеуі танк полкінде бірге қызмет атқарады. Желтоқсан айында Кабул қаласына батальон күзетіне ауыстырады. Одан кейін Кабулда Армия штабында құжат толтырушы болып жұмыс iстейдi.

1982 жылдың ақпанында Қандағардағы жаяу әскер сапында өз борышын өтейді. 1982 жылдың сәуiрiнде жаумен болған соғыста бiрiншi батальонның екінші ротасындағы 40-50 солдат қоршауда қалып қойып, көп шығынға ұшырайды. Құтқарушы рота келіп жеткенде олар батальоннан 8 жігіт жараланып, қалғандары сол жерде көз жұмған. Сапарбек ағамыз аяғынан ауыр жараланып, 3 сағаттай жатып қалады. Украин жiгiтi мен башқұрт жiгiтi екеуi плащ палаткаға салып қоршаудан сүйреп алып шығады. Сөйтіп, оларды тiкұшаққа саларда бригада командирi жылап тұрып қаза болған жiгiттерді «Қызыл жұлдыз» орденімен марапаттауды бұйырады. Тiрi қалған жiгiттерді марапатқа ұсынған-ұсынбағанын біле алмай аттанған екен. Тікұшақпен Қандағардағы госпитальға алып келедi. Бiр күннен соң Алматыға жібереді. Онда бес ай жатып, ақыры аяқтан айрылады. Сол күнгi соғыс қимылдарына қатысқаны үшін «За боевые услуги» медаліне ұсынылыпты. Ол медаль Сапарбек Жандарбекұлына 1982 жылдың желтоқсанында Түркістан қалалық әскери комиссариатында салтанатты түрде тапсырылады. Бүгiнгi танда жұбайы Рано екеуі екі ұл тәрбиелеп отыр. Ардагер үшінші топтағы мүгедек.

Әлия ӘНІШҚЫЗЫ,

Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті, әскери патриоттык жұмыстар және Қарулы Күштер ардагерлерімен жұмыс жүргізу қызмет бастығының орынбасары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы