ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕ ОҚ-ДӘРІ ТАСЫҒАН

1  114 көрілім

Сафаров Абдул Әскерұлы 1958 жылдың 30 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласына карасты Калинин ауылында дүниеге келген. Әкесі Әскер мен анасы Гауһардың сегiз перзентiнiң iшiнде бесінші ұлы Абдул 1965 жылы Калинин атындағы мектептің табалдырығын аттаған. 1973 жылы 8 сыныпты бітірген ол қаладағы СПТУ-93-те білімін жалғастырып, 1977 жылы еңбек жолын көлік жүргізушісі қызметінен бастайды.

1979-1981 жылдар аралығында Кандагар қаласы №35593 әскери бөлімшесінде қызмет еткен. «Түркіменстаннан Ауған жеріндегі әскерлерге көлікпен азық-түлiк, оқ-дәрi және құрылыс заттарын таситынбыз. Осы жолда бірнеше қақтығыстарға тап болдық. Соның ішінде Түркіменстаннан Қандағарға оқ-дәрi алып, керуен арасында келе жатқанымда жаудың снаряды жүргізіп келе жатқан көліктің жанында жарылып, сол жерде басымнан ауыр жараландым. Қаруластарымның көмегімен әскери медициналық бөлімшеге жеткізіліп, емделдім», – дейді ардагер бізбен әңгімесінде.

 Майдан даласындағы ерліктері үшін Абдул Сафаров «70 лет Вооруженных Сил СССР», «От благодарного Афганского народа», «Воину-интернационалисту», «15 лет вывода советских воиск из ДРА», «Ветерану войны в Афганистане 1979-1989 гг.» медальдарымен марапатталған, екінші топ мүгедегі. Бүгінде жұбайы Назирамен 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.

Зарина КЕНЖЕТАЕВА,

ХҚТУ-дің 4 курс студенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы