САУРАН АУДАНЫНДА БОРАНДА ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН 5 АДАМ ТАБЫЛДЫ

996 көрілім

7 ақпан күні Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне Егізқара ауылынан Ынталы ауылына қарай жол тартқан 5 адамның жоғалып кеткендігі жайында хабарлама түскен.

Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД (9 қызметкер мен 1 бірлік техника, жергілікті атқарушы органан 2 қызметкер) жұмылдырылған. Құтқарушылар жоғалып кеткен тұрғындарды оқиға орнынан 15 шақырым жердегі Егізқара ауылынан тапқан. Олар ауа райының қолайсыздығынан қар құрсауында қалып қойған. Табылған адамдар медициналық көмекке қажет емес деп танылған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы