- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Шаһардағы Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектебінің ішінен ашылған Ресурстық кабинетте «Ресурстық орталықтағы балалармен психологиялық-педагогикалық түзету-дамыту жұмыстарын жүргізудің әдіс-тәсілдері» тақырыбында қалалық онлайн семинар болып өтті.

Атаулы семинарға мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің елуге жуық педагог-психологтары қатысты.
Ұстаздардан балаларды оқытуда ерекше білімді қажет ететін әртүрлі заманауи технологияларды пайдалудың жолдарын көрсету, алған білім дағдыларын іскерлікпен қолдана білуге тәрбиелеуді мақсат еткен жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Мәселен семинар барысында педагог-психолог З.Атанова «Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс» тақырыбында баяндама жасаса, логопед маман Г.Сатыбалды «Р» дыбысын буында, сөзде, сөйлемде машықтандыру» тақырыбында топтық сабақ, бастауыш сынып мұғалімі А.Сейсеналы «Ойланайық та ойнайық» тақырыбында жеке сабақ өткізіп нағыз шеберліктің үлгісін танытты. Сондай-ақ, атаулы балалардың оқу материалдарын меңгеру, оны оқу барысында дұрыс пайдалана білудің тиімді әдіс – тәсілдерін қолдануды педагог-психолог Ш.Абдирахманова баламен жеке жұмыс жасау барысында көрсете білді.
Семинарда мектеп ішінен ашылған ресурстық кабинет арқылы қатысушылар ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған тіл кемістігі бар балалармен түрлі жаттығулар жасау тәсілдерін, дамытушы ойындарын, саусақ ойыны мен жаттығуларды, баланың сенсорикалық қабілетін дамытуға арналған жаттығуларды меңгерді.
Сонымен қатар, жаңартылған білім беру аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жеке, топтық жұмыстарды үйлестіру, сабақтарда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану тақырыптары қарастырылды.
Бағлан ЕЛЖАНОВ,
Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.