- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бүгін Түлкібас аудан орталығында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мол өнімді тиімді бағада алған аудан тұрғындары шаруалардың еңбегіне дән риза екендіктерін жеткізді.

Қой еті 1970 теңгеден, Сиыр еті 197 теңгеден, І сорт ұны 8800 теңге, күрке тауық еті 1200 теңге, нан 75 теңгеден сатылды. Сонымен қатар, басқа да тауар түрлері тұрғындарға 15-20 пайыз арзан бағада ұсынылды.

Жәрмеңкенің мақсаты жергілікті шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлердің өндірген өнімдерін делдалсыз тұтынушыларға тікелей ұсынуға жағдай жасау, әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерін реттеу, тамақ өнімдерін ауыл тұрғындарына нарықтық бағадан төмен бағада ұсыну болды.