ДІН ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

1  472 көрілім

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Шардара қаласындағы «Әбу Мансур әл-Матуриди» мешітінде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында құрылған қала және ауылдық округтердегі ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған «Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері және ислам негіздерінің үйлесуі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда аудан әкімінің орынбасары Б. Шомпиев ақпараттық-түсіндіру топтары мен имамдар тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталып, атқарылуға тиісті шараларды талқылады.

Жас ұрпақтың қоғамдық санасы мен азаматтық позициясын қалыптастыру, балаларда бір-біріне деген толерантты қатынасты тәрбиелеуге ықпал ету және басқа адамдармен бейбіт өмір сүру қабілетін қалыптастыру, жат ағымдардың арбауынан сақтандыру, жастарды отан алдындағы борышын өтеуге патриоттық рухта тәрбиелеуде имамдардың рөлі зор екенін атап өтті.

Сондай-ақ, семинарда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б. Таласов, бөлімнің бас маманы А. Әлібеков, аудан имамы М. Асанов, орталық мешіттің найб имамы А. Данияров, «Ұзыната», «Салықбай ата», «Асылхан ата», «Шардара», «Әбу Мансур әл-Матуриди» мешіттерінің имамдары өз ойларын ортаға салып, пікіралмасу өткізді. Б. Шомпиев семинарды қорытындылай келе, жиында айтылған ұсыныстар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтып, алдағы уақытта атқарылатын рухани бағыттағы шаралардың барынша сауатты түрде жасалыну керектігін атап өтті.

Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы