ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ АРҚЫЛЫ 250 ЖАС ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

1  753 көрілім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында бүгінгідей қиын кезеңде халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламалар дайындауға арнайы тапсырма берген болатын. Осыған орай «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» әзірленді. Жобаның негізгі мақсаты жұмыссыздықты жою жолында жастарға жаңа жұмыс орындары ашу, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бағытында техникалық бағыттағы мамандықтарға мән беру, «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша қатысу мерзімін және еңбекақы төлеу көлемін ұлғайту мүмкіндіктерін қарастыруды, жастардың және тұрғындардың әлсіз топтарының іскерлік бастамаларын жүзеге асыруына жағдай жасау болып табылады.

Қазіргі таңда Сарыағаш ауданы бойынша Ұлттық жоба аясында ағымдағы 2022 жылы аудан бойынша 5151 азаматты осы жоба аясында жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып отыр. Оның ішінде «Жастар тәжірибесіне» 500 азаматты жолдау жоспарланып, бүгінгі күнге 29 жасқа дейінгі жастардың алғашқы легі, яғни, 250 азамат тәмамдаған мамандықтары бойынша аудан көлеміндегі жұмыс беруші мекемелерден келіп түскен өтінімдерге сәйкес уақытша жұмыс орындарына жолданды. Тәжірибе мерзімінен кейін ол азаматтарға міндетті түрде тұрақты жұмыс орындарымен қамтылуына және аталған жобаның басқа да бағыттары шеңберінде барынша жастарды жұмылдыру жоспарлануда.

Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы