ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР АҚШ-ТА АЛҒАН БІЛІМДЕРІН ӘРІПТЕСТЕРІНЕ ҮЙРЕТУДЕ

1  537 көрілім

Түркістан облысының медицина мамандары облыс әкімінің қолдауымен АҚШ мемлекетінің Харвест қаласында біліктіліктерін арттырып келген. Дәрігерлер BLS, ACLS, PALS бағдарламалары бойынша жедел медицина нұсқаушыларын даярлау тақырыбында білім алып, жүрек-өкпе реанимациясына және жүрек-қан тамыр ауруларын жедел емдеуді, неонаталды кезеңде адам өмірін сақтап қалу бойынша білімдерін шыңдады. Америка Құрама Штаттарына Түркістан, Кентау қалаларынан және Ордабасы, Жетісай аудандарынан 11 медициналық қызметкер барып келген-ді. Енді бұл мамандар алған білімдері мен тәжірибелерін әріптестеріне үйретуде.

– Қазіргі таңда жедел-жәрдем барғанға дейін жүрегі тоқтап қалғандар көптеп кездеседі. Сондықтан кез келген адамда «Жүрек-өкпе реанимациясы» бойынша білімі болса біршама адам аман қалар еді. Сол бойынша барлық медицина қызметкерлері мен басқа да сала қызметкерлерін арнайы алынған «Prestan» манекендері арқылы оқыту жоспарда бар, – дейді Кентау қалалық орталық ауруханасының реанимация бөлімінің меңгерушісі Ержан Жұмашев.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы