АРЫСТЫҚТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

1  334 көрілім

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Садибековтің тапсырмасына сәйкес, әкім орынбасары Хасанов Бахытбек елді мекендегі өзекті мәселелер бойынша жеке қабылдауын өткізді. Аудан әкімінің орынбасары Б. Хасановпен бірге аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А. Айтекеева, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б. Моминжанов, экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж. Абданбеков, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Н. Сарыбеков, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде әлеуметтік қызмет көрсету коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А. Ұзақов қатысты.

Ауыл биі, ардагерлер кеңесінің төрағасы, жергілікті бөлек қоғамдастық кеңес төрағасы, көше комитетінің төрағалары, ауылдың белсенді азаматтары елді мекендердің және тұрғылықты халықтың жағдайына қатысты мәселелерді көтерді. Жеке қабылдау барысында А. Айтекеева аудан көлемінде жүргізіліп жатқан бағдарламаларға жеке тоқталды. Оның ішінде: жастар практикасы 2021 жылы 6 ай мерзімде болса, биылғы жылы 12 ай мерзімге ұзартылғаны, мемлекеттік гранттар 2021 жылы 200 мрп болса, 2022 жылы 400 мрп ге өсіп отырғанын айтты.

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2022 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» порталы арқылы (мемлекеттік зейнет ақы төлеу бөлімі) берілетіндігін, сонымен қатар, мүгедектерге гигиеналық және басқа да заттар «Азаматтарға арналған үкімет» порталы арқылы қызмет көрсетілетінін түсіндірді. Ал, Н. Сарыбеков мемлекеттік грантқа аз қамтылған азаматтар (отбасылар), жасы 18-29 жас аралығындағы жастар және мүмкіндігі шектеулі жандар қатыса алатыны және осы мемлекеттік грант алу тәртібін таныстырды..

Ауылдық округіндегі екі балаға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге өткізу мәселесі бойынша А. Ұзақов – медициналық еңбек сараптау комиссиясының жеке оңалту қағазын қайта рәсімдеп, «Азаматтарға арналған үкімет» порталы арқылы өтініш қалдыру керектігі түсіндірілді. Жеке көмекші К. Ажиханова Арыс ауылдық округі, Қожақорған елді мекені, Ж. Меңлібаев пен Ш. Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан бағдаршамға көзі нашар көретін мүгедектер жолдан өтуі үшін дыбыс шығару қондырғысын орнатып беруді сұранған болатын. А.Айтекеева – көзі нашар көретін мүгедектер жолдан өтуі үшін дыбыс шығару қондырғысын орнатуға жобалық-сметалық құжат әзірлеп, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөліміне ұсыныс берілсе, қаржы қарастыруға мүмкіндік бар екенін айтты.

Сонымен қатар, Алтынай Қалдарқызы С. Юсупалиев көшесінің тұрғыны М. Абдикадировтың мүмкіндігі шектеулі төрт мүгедек жандарға қол арба қарастыру туралы білдірген өтінішіне сәйкес, жоғарыда көрсетілген мүмкіншілігі шектеулі мүгедек жандардың екеуіне серуендік және бөлмелік қол арбаларға өтініштер келіп түскен. Қалған екі мүгедектерге «Азаматтарға арналған үкімет» порталы арқылы өтініш қалдыру керектігі, беріліп отырған қол арбалардар серуендік арба 4 жылға, ал бөлмелік қол арба 7 жыл мерзімдермен берілетіні ескертіп өтті.

Аудан әкімінің орынбасары мәселелерді жеке бақылауына алып, тиісті басшыларға орындауға тарсырма берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы