«PFIZER» ВАКЦИНАСЫН ЕГУ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ РЕСПУБЛИКАДА 1-ОРЫНДА

607 көрілім

Түркістан облысы «Pfizer» вакцинасын еккендер санымен республика бойынша 1-орында тұр. Облыста «Pfizer» вакцинасының 1-компонентін 155712 адам салдырды. Өңір бойынша 12 жастан 18 жасқа дейінгі 138356 жасөспірім, 7500 жүкті әйел және 9856 емізулі ана «Pfizer» екпесін алды. 2-компонентті 82692 адам қабылдады.Мекемелерде профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған.Айта кетейік, эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр. Түркістан облысында КВИ-ге қарсы 1046156 адам екпе қабылдады. Екінші компонентпен 1043868 адам вакцина алды. Соңғы тәулікте Түркістан облысында 17 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,10% құрайды. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 809 орын бар. Оның 586-і бос. Пандемия басталғалы инфекциясы расталған 18 251 жағдай тіркелді. Олардың 9448-да ауру симптомсыз өткен болатын.Сондай-ақ Түркістан облысында қазіргі таңда 150683 адам ревакцинация алды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы