РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “БІР ЕЛ – БІР КІТАП – 2022” АКЦИЯСЫНДА ОҚУҒА 100 ПАЙЫЗ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ.

3  965 көрілім

Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықласын көтеру, сонымен қатар жас өспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау.

Биылғы жылы COVID пандемиясының жаңа штаммдарының таралуына байланысты жалпыхалық болып оқитын кітапты анықтау үшін әлеуметтік желілер арқылы онлайн режимінде дауыс беру әдісі пайдаланылды. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Фейсбук және Инстаграм парақшасында 2022 жылы “Бір ел – бір кітап – 2022” республикалық акциясы аясында оқуға ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын ұсыну бойынша сауалнама жарияланды. Өздеріңізге белгілі биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде және елімізде атап өтеді. Қазақ елі үшін Ахмет Байтұрсынұлы ерекше тұлға, ол мемлекет қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының әлеуметтік желілерінде жарияланған сауалнамаға 60 мыңнан аса респондент қатысты. Сауалнаманы өз парақшаларында бөліскендердің статистикасын қоса есептегенде сауалнамаға 100 мыңға жуық респонденттер қатысты. Қорытындысында 2022 жылғы “Бір ел – бір кітап – 2022” республикалық акциясы аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын оқуға 100 пайыз қолдау көрсетілді. Осыған орай, Ахмет Байтұрсынұлының барлық шығармаларын жариялау туралы шешім қабылданды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы