АҚПАННЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНДЕРІ АУА-РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

709 көрілім


Қазақстанның басым бөлігінде температура бойынша өзгерістер болмайды

Қазгидромет 1-3 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын болжады.

Синоптиктер болжамына сәйкес, солтүстік, шығыс өңірлерде қар, еліміздің батыс өңірлерінде жаңбыр және көктайғақ болып, қар жауады.
Республика бойынша тұман, желдің күшеюі байқалады.

Еліміздің шығысы мен орталығында түнде және таңертең аяз 15-28 градусқа дейін жетеді, ал Қазақстанның басым бөлігінде температура бойынша өзгерістер болмайды.

Ірі қалалардағы ауа райы

Алматыда 1 ақпанда күн бұлтты болады, күндіз +3°C, түнде -5°C көрсетеді. 2 ақпанда күн ашық, күндіз +2°C, түнд -4°C болады. 3 ақпанда күн бұлтты, күндіз +3°C, түнде -2°C болады.

Нұр-Сұлтан қаласында 1 ақпанда күндіз -6°C, түнде -10°C болады. 2 ақпанда күн бұлтты, күндіз -11°C, түнде -15°C болады. 3 ақпанда күндіз -9°C, түнде -16°C болады.

Шымкентте 1-3 ақпан аралығында күн ашық, күндіз +8…+9°C көрсетеді, түнде -4…-3°C жетеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы