АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

1  324 көрілім

Бүгін «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі М.Отаршиев аудан тұрғындарын жеке қабылдады. Жеке қабылдауға алдын ала жазылған 4 тұрғын кіріп, өз мәселелерін жеткізді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш тапсырған Сарыағаш қаласының тұрғыны көп балалы ана Ж.Келесова құжаттары түгел болмауына байланысты өтініші қабылданбаған. Ендігі кезекте аудан басшысының тапсырмасына сәйкес, көмекке мұқтаж отбасыға құжаттарын толықтыруға құқықтық көмек беріліп, ағымдағы жылдың І-тоқсанына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалатын болды.Сонымен қатар, М.Сапарованың материалдық көмек алу, Г.Исабекованың атаулы әлеуметтік көмек көрсету және Н.Переновтың тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру мәселелері бойынша заң аясында тиісті түсіндірмелер берілді.Аудан басшысы тұрғындар тарапынан айтылған сауалдар мен өтініштер бойынша тиісті сала басшыларына арнайы тапсырмалар жүктеп, бақылауға алатындығын жеткізді.

Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы