БЕКЗАТ ТҰРҒЫНДАР АЛҚАБЫМЕН КЕЗДЕСУ БОЛЫП ӨТТІ

1  424 көрілім

Бүгін Түркістан қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы мен Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Талғат Байжанұлының қатысуымен Бекзат тұрғындар алқабымен кездесу болып өтті.

Жиынға қалалық мәслихат депутаттары Тәжібек Қалманұлы мен Ақиқат Махмудұлы және қала әкімдігінің бөлім басшылары қатысты. Бекзат тұрғындар алқабының азаматтары түрлі өтініштерін баяндап, ойларында жүрген сұрақтары мен мәселелірін ашық жолдады. Көпшілік бөлігі орталық ауруханалардың алыста орналасқандықтарын айтып, аталмыш тұрғындар алқабынан аурухана салып беруін сұрады. Сонымен қатар жарық, асфальт жол мен табиғи газ орната алмаған тұрғындар өз мәселелерін баяндады.

Халықтың өтініш-шағымдарын тыңдаған басшылық ұсыныстар мен пікірлерді назарға ала отырып, шешімін табуға жұмыс жасайтындықтарын жеткізді. Сонымен қоса, қалалық әкімдік 2022 жылғы жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Түркістан қалалық мәслихатының баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы