- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетенің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп – тексеру департаменті басшысының орынбасары Н.Нұрғабыловтың 24.09.2021 №14/3983-И санды қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән- жайларды жою жөніндегі хатына сәйкес, Аудан аумағында кәсіпкерлік қызметпен айналысушы кәсіпкерлердің назарына:
Иелігінде жылжымайтын мүлікті жалға беру бойынша – 12.01.2007 жылғы №219-шы Қазақстан Республикасы «Ойын бизнесі туралы» заңының 11 бабының 1 және 2 бөліктеріне сәйкес, казино мен ойын автоматтары залдарды Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергелікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жататындығы, аталған аумақтарды қоспағанда, казино мен ойын автоматтары залдарын Қазақстан Республикасының өзге аумағында орналастыруға тыйым салынады.
Құрметті кәсіпкерлер өз иелігіңіздегі жылжымайтын мүліктерде ойын бизнесі жүргізілмеуін бақылауда ұстағандарыңыз жөн немесе жалға алушы мен жалға беруші арасында келісім шарт болмаған жағдайда нысанды жалға беруші жауапкершілікке тартылатындығын назарларыңызға жеткіземіз.